Бокс
24 қыркүйек 2020 10:50

Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі өтетін нақты күн айтылды

Сурет: fightsaga.com

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегін 21 қарашада өткізеді. Бұл туралы The Athletic инсайдері Майк Коппинджер хабарлады.

GGG-дің қарсыласы IBF желісі бойынша міндетті үміткер Камил Шеремета (21-0, 5 КО). Жекпе-жек DAZN платформасында трансляцияланады.

Ал өзге инсайдер Лэнс Пагмайердің сөзінше, кездесу өтетін орын ретінде АҚШ-тың Карсон қаласындағы Dignity Health Sports Park аренасы таңдалған (бұрынғы атауы StubHub Center, Головкин шығып көрген арена).