Бокс
16 ақпан 2022 11:28

Геннадий Головкин келесі кездесуіне қатысты мәлімдеме жасады

©instagram.com/gggboxing/

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) өзінің Instagram парақшасында келесі кездесуі туралы мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Отандасымыз 2021 жылдың желтоқсан айында жапониялық WBA Super белбеуінің иегері Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кездесу өткізуі керек болатын. Бірақ Жапонияда коронавирусқа байланысты карантин шаралары күшейтіліп, айқас кейінге қалды. Енді бұл жекпе-жек көктемде өтуі мүмкін. 

"Әр нәрсенің өз уақыты бар". Головкин карьерасын аяқтау туралы

"Жаттығу лагеріне қайта оралып, командамды көргеніме қуаныштымын. Жуырда Жапонияда өтетін айқастың нақты күні айтылады деп үміттенемін. Дайындалып жатырмыз", - деп жазды Головкин. 

Айта кетейік, биыл Головкинмен Крис Юбенк (Ұлыбритания) және Хайме Мунгия (Мексика) секілді боксшылар кездескісі келетінін айтты. Сонымен қатар, биыл ол Сауль "Канело" Альвареспен кездесуі мүмкін деген де әңгіме бар. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport