Геннадий Головкин Қазақстанға қайтты

©instagram.com/gggboxing

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин Қазақстанға оралмақшы. Бұл туралы қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Ол Головкинмен бірге түскен фотосын жүктеді.

"Елге Гена ағамызбен қайттық. Жекпе-жегіңді DAZN-нан көрдім дегеннің өзі қуаныш болды, - деп жазды Сұлтан.

Геннадий Головкин былтырғы қыркүйектен бері – мексикалық Сауль Канело Альвареспен жекпе-жегінен кейін рингке шықпады. Ол биыл орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO титулдарын қайтарып берді. 41 жастағы боксшы әзірше карьерасы туралы мәлімдеме жасаған жоқ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар