Геннадий Головкин қазақстандықтарға қолдау білдірді

©championat

IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин әлеуметтік желіде қазақстандықтарға қолдау білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Қазақстанда аза тұту күні. Елімізде болып жатқан жағдайды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл күндері жақындарын жоғалтқандарға қайғырып көңіл айтамын. Қазақстанымызға бейбіт күндер қайтып келсін", - деп жазады Головкин twitter парақшасында.

Еске салайық, 10 қаңтар күні Қазақстанда аза тұту күні. Елімізде террористік акті нәтижесінде адам шығынына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қаңтарда жалпыұлттық аза тұту күнін белгілеген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: