Орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 KO) қоштасу жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл туралы 43 жастағы GGG Asia Boxing президенті және Тайланд бокс қауымдастығының басшысы Пичаи Чунхаваджирамен кездесуінде айтты.
Головкин қоштасу жекпе-жегін Қазақстанда өткізгісі келеді!GGG айтуынша, ол тағы бір жекпе-жек өткізуді ойлап жүр - ол Қазақстандағы қоштасу айқасы болмақ.
Пичаи Чунхаваджираның мәлімдемесі:
Мен сізді Ютубта жиі көрдім. Сізде екі чемпиондық белбеу болды! Келгеніңізге рақмет. Сіз World Boxing президенті болуға өз еркіңізбен келісім бергеніңізді енді білдім. Бұған қуаныштымын, себебі сіз жібі дұрыс адамсыз. Сіз бокс туралы барлығын білесіз.
Геннадий Головкиннің жауабы:
Мен боксты жақсы білемін. Бокс - менің өмірім. Мен әрдайым өте қатты еңбектендім.
Пичаи Чунхаваджира:
Сіз қазір 43 жастасыз ба?
Геннадий Головкин:
Иә, 43-темін. Әлі де бокспен айналысып жүрмін.
Пичаи Чунхаваджира:
Өте жақсы.
Геннадий Головкин:
Мүмкін, Қазақстанда тағы бір жекпе-жек өткізермін.
Головкин ресми түрде карьерасын аяқтаған жоқ
GGG соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың қыркүйегінде өткізген. Ол кезде ол Сауль Канело Альвареспен өткен трилогияның соңғы айқасында төрешілер шешімімен жеңілді. Олардың алғашқы жекпе-жегі (2017) даулы тең нәтижемен аяқталса, 2018 жылғы қарымтада жеңіс мексикалық боксшыға бұйырған еді.