Боксшы карантин кезінде әйелі және үш баласымен Лос-Анджелес қаласында тұрып жатыр. Бұған дейін ол коронавирус пандемиясына байланысты көрермендерсіз жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтқан.
"Карантиннен кейін бірінші кезекте бокс залына барамын. Ал сіздерді осы уақыт аралығында қатты сағындырған не болды?", - деп жазды Головкин Instagram желісінде.
38 жастағы Головкин кейінгі жекпе-жегін 5 қазанда украиналық Сергей Деревянченкомен (13-2, 10 КО) өткізіп, төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Мұның алдында GGG бірінші польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) содан кейін ғана "Канеломен" жұдырықтасатынын мәлімдеген.