Геннадий Головкин қанша байлық жиғаны айтылды

©Boxingscene.com

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин карьерасында қанша табыс көргені айтылды, деп жазады Vesti.kz.

Wealthy Gorilla басылымының мәліметінше, GGG-дің жиғаны 30 миллион доллар екені айтылуда. Головкин бұл табыспен "ең бай 50 боксшының" тізімінде жиырмасыншы орында тұр.

"Геннадий Головкин - екі чемпиондық белбеуі болған боксшы. 2017-ден 2018 жылға дейін pound-for-pound  тұжырымынша ең мықты боксшы деп мойындалған. 394 жекпе-жегінің ешбірінде нокаутқа түспеді. 

Головкин түрлі брендтермен келісімшартқа отырған, олардың ішінде әлемдегі ең қымбат сағат Hublot және алкогольді ішімдіктер шығаратын Chivas Regal", - деп жазады басылым.

Ал рейтингте бірінші америкалық Флойд Мейвезер, оның байлығы 450 миллион долларды құрайды. Екінші орында әйгілі Джордж Форман (300), ал үшінші Мэнни Пакьяо (200).

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар