Бастапқыда GGG рингке ақпанда шығад деп күтілген, алайда, кейін жекпе-жек уақыты наурызға өзгертілді. Осыдан кейін тағы да 11 сәуірге шегерілді, ал кездесу өтетін орын ретінде АҚШ-тың Чикаго қаласы аталған. Сонымен қатар, бұл жекпе-жек Қазақстанда өтуі ықтимал екені де хабарланған.
Осыған байланысты DAZN өкілі Головкин - Шеремета жекпе-жегін өткізетін басқа уақыт қарастырып жатқандарын растады. Ал боксшының промоутері Том Леффлер жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты.