World Boxing ұйымының президенті және Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Геннадий Головкин бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Тулкин Киличевпен кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Аңызға айналған қазақстандық боксшы тәжірибелі маманға арнайы сыйлық табыстады.
"Әлемдік бокстың жарқын жұлдызымен, қадірлі тұлғамен - Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, World Boxing ұйымының басшысы Геннадий Головкинмен кездескеніме өте қуаныштымын. Бұл жүздесу 2026 жылдың 26 қаңтарында Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен Азия Олимпиада кеңесінің (АОК) 46-бас ассамблеясы аясында өтті", - деп жазды Киличев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Геннадий Головкин Ташкент қаласында жұмыс сапарымен жүр. Бұған дейін ол Азия Олимпиада кеңесінің Бас ассамблеясына қатысып, сондай-ақ, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесу өткізген болатын.