Бокс
10 шілде 2022 10:06

"Генаны жеңетін адам туған жоқ...". Экс чемпион "Канеломен" трилогияға болжамын айтты

©DAZN

Бірінші жартылай орта салмақта WBO чемпионы болған Руслан Проводников (25-5, 18 КО) қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) трилогиясына қатысты ойын айтты. 

"Генада әлбетте мүмкіндік бар. Ол Гена Головкин, ол маған әрдайым ұнайтын. Жеке танимын. Оны боксшы да, адам ретінде де құрметтеймін. Әрине жылдар өзінікін алады. Қазір бәрі "Канелоға" бәс тігеді. Бірақ Генада мүмкіндік бар. 

"Канело" фаворит шығар. Генамен бір уақытта өнер көрсеттік, мен қазіргі таңда Генаны жеңетін адам әлі туған жоқ деп айтатынмын. Мен Головкинге жанкүйер боламын", - деп береді Проводниковтың сөзін "Чемпионат".

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport