"Гена біздің жолдас, дегенмен...". Экс чемпион "Канело" - Головкин айқасы жайлы ойын ашық айтты
Бірінші ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы ресейлік Григорий Дрозд MMA.Metaratings.ru порталына берген сұхбатында Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші айқаста Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) фаворит деген ойда.

Трилогия 17 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өтеді.
"Гена - біздің жолдас, мен оны жеке білемін, мінезін, қалай дайындалып, қандай тәртіп ұстанатынын. Ол функционалды түрде дайын болады деп үміттенемін. Дегенмен бұл айқаста Альварес фаворит. "Канелоның" жеңілісін есепке алсақ, екі боксшыда да теңдей мүмкіндік бар. Гена бұл кездесуде ешкімге ұқсауға тырыспай, өз-өзді болу керек. Стиль жағынан алсақ, ол Бивол сияқты бола алмайды. Екеуі екі түрлі боксшы. Сондықтан не жасай алады - қайшылай соққы қайтарып, қысым жасап, қарсыласқа ес жиғызбай жұдырықтасу соны істеу қажет", - дейді Дрозд.
Жарнама