iq3DLAqmtKfKi3FnjadHJhB2GPp54eq5ttP2VwUw
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Гассиевтің жеңілісі - Санчестің кінәсі, Головкин "Канеломен" осындайға тап болады деп қорқамын" - Демяненко

Гассиевтің жеңілісі - Санчестің кінәсі, Головкин "Канеломен" осындайға тап болады деп қорқамын" - Демяненко
© sputnik-ossetia.ru
Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Мурат Гассиевтің Бүкіләлемдік бокс сериясының финалында украиналық Александр Усиктен жеңілуіне бапкер Абель Санчес кінәлі деген пікір білдірді. 

21 шілдеде Мәскеуде өткен жекпе-жек толық 12 раундқа созылып, Усиктің жеңісімен аяқталды. 

"Гассиев - Усик жекпе-жегін көрдім. Гассиев жеңіп жатқанына сенімді болғанмын. Гассиев - мықты, екі қолымен де соққы жасайтын боксшы, нағыз ауыр салмақ спортшысы. Усиктің техникасы жақсы, бірақ, ауыр салмақта нокаутқа түсіретін соққы керек. Ал Гассиев Усик сияқты солақай және бір орында тоқтамайтын боксшымен жұдырықтасуға дайын болмады

Мен екі жыл бұрын айтқанмын: Санчес - бапкер емес. Боксшыға кеңес берудің орнына ол адамды алаңдатып, "Жұдырықтас, жұдырықтас" немесе "қазір жекпе-жекті тоқтатып тастаймын" деп айқайлайды. Гассиев Тайсон сияқты қарсыласын бұрышқа қысып, бұл жекпе-жекті айқын басымдық немесе нокаутпен аяқтау керек еді. Гассиевте бір ғана комбинация емес, үш-төрт соққыдан тұратын серия болу керек еді. Бұл іске аспай қалғанда жанға жылжып, соққы алмасу қажет болатын. Гассиев мұндайды жасамады.

Гассиевтің Дортикосты сол қолымен нокаутқа түсіргені естеріңізде ме? Усикпен мұндай әрекет болған жоқ. Гассиев техника емес, күшке сүйенген бокс көрсету керек еді. Санчестің лагеріндегі мұндай дайындықпен 15 қыркүйекте Головкин де осындай жағдайға ұшырайды деп қорқамын. Құдай сақтасын, әрине. Бокс - шахмат емес, мұнда ойлау керек", - деп атап өтті Демьяненко.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар