Фьюридің Уайтқа қарсы айқасында алған сыйақысы белгілі болды

©Reuters

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін ұлыбританиялық боксшылар Тайсон Фьюри мен Диллиан Уайттың өзара өткізген кездесуден алған сыйақылары белгілі болды. Бұл туралы инсайдер Майкл Бенсон твиттер парақшасында жазды. 

Бұл кездесу 24 сәуір күні Лондондағы Уэмбли стадионында өтті. Кездесудің алтыншы раундында Фьюри Уайтты нокаутқан түсірді. 

Осы кездесу үшін Тайсон 33,6 миллион доллар алды. Оның 29,5 миллион доллары алдын ала бекітілген сыйақы болса, 4,1 миллионды Фьюри жеңіс үшін алды. Ал Уайт болса 7,4 миллион доллар сыйақыға ие болды. 

Айта кетейік, осы кездесуден кейін бірден Фьюри карьерасын аяқтайтынын айтты. Бірақ жақсы ұсыныс болса ауыр салмақта UFC чемпионы Фрэнсис Нганнумен кездесуге дайын екенін мәлімдеді. 

Еске салайық, бұл Тайсонның 33 кездесуіндегі 32-жеңісі. Бір рет ол тең түскен. Диллиан болса 31 кездесуінде 3 рет жеңілді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар