Бокс
12 қазан 2021 20:28

Фьюриден екі мәрте жеңілген Уайлдер карьерасын аяқтамайды

©Reuters

Деонтай Уайлдердің  (42-1-1, 41 КО) бапкері Малик Скотт тәлімгері Тайсон Фьюриден (30-0-1, 21 КО) жеңілгеннен кейін боксшының карьерасын аяқтамайтынын айтты. Бұл турады Reuters хабарлады. 

"Иә, Деонтей өз отбасына жеткілікті ақша тапты. Ол енді ақша үшін жұдырықтаспайды. Бірақ Уайлдер карьерасын да аяқтамайды. Бұл мәселені біз тіпті қарастырмадық та. Ол демалып, тағы кездесу өткізеді. 

Уайлдер Фьюриге қарсы кездесуде мықты болды. Алайда Тайсон одан да жақсы өнер көрсетті. Фьюри лайықты жеңді. Оның жағы мықты екен. Тайсонды Уайлдер секілді ауыр салмақтың аңыз боксшысы деуге болады", - Скотт. 

Бұл кездесу Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласындағы T-Mobile Arena спорт кешенінде өтіп, 11 раундта Фьюридің жеңісімен аяқталды. Британиялық боксшы қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді. Ал оған дейін екі боксшы да екі-екі реттен нокдаунға түскен еді. Кейін америкалық боксшыны бірден емханаға алып кеткен. 

 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport