25 шілде Лас-Вегаста кәсіпқой бокстан ауыр салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Тайсон Фьюри мен Деонтей Уайлдер жекпе-жек өткізеді.
Бокс кешінде Майк Ортега бас қазының міндетіне тағайындалса, Тим Читем, Дейв Моретти және Патрисия Морс Джармандар қосымша төрешілердің міндетін атқарады. Журналист Марк Раймонди твиттер-парақшасында бас қазының гонорары 10 мың АҚШ доллары екенін, ал қосымша төрешілердің ақысы 8 мың доллар болатынын жазды.
Еске салайық, Фьюри мен Уайлдер осыған дейін рингте екі рет қолғап түйістірген. 2018 жылдың желтоқсанында айқас тең аяқталса, 2020 жылдың ақпанында Фьюри нокаутпен жеңген.