Бокс
8 шілде 2021 17:34
 

Фьюри-Уайлдер жекпе-жегіндегі төрешілер гонорары белгілі болды

  Пікірлер

blog.share

Фьюри-Уайлдер жекпе-жегіндегі төрешілер гонорары белгілі болды сурет: extrimpower

25 шілде Лас-Вегаста кәсіпқой бокстан ауыр салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Тайсон Фьюри мен Деонтей Уайлдер жекпе-жек өткізеді.

blog.share

25 шілде Лас-Вегаста кәсіпқой бокстан ауыр салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Тайсон Фьюри мен Деонтей Уайлдер жекпе-жек өткізеді.

Бокс кешінде Майк Ортега бас қазының міндетіне тағайындалса, Тим Читем, Дейв Моретти және Патрисия Морс Джармандар қосымша төрешілердің міндетін атқарады. Журналист Марк Раймонди твиттер-парақшасында бас қазының гонорары 10 мың АҚШ доллары екенін, ал қосымша төрешілердің ақысы 8 мың доллар болатынын жазды.

Еске салайық, Фьюри мен Уайлдер осыған дейін рингте екі рет қолғап түйістірген. 2018 жылдың желтоқсанында айқас тең аяқталса, 2020 жылдың ақпанында Фьюри нокаутпен жеңген.   

Жарнама

Живи спортом!