Бокс
6 қыркүйек 2022 11:47

Франциялық нокаутшы Головкин - "Канело" айқасына жағымсыз болжамын айтты

©twitter.com/BoxingNewsED

Франциялық жеңілмеген боксшы Кристиан Мбилли (21-0, 19 КО) Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) және Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) жекпе-жегі немен бітетінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz сайты Ringtv.com басылымына сілтеме жасап.

"Келесі жылы әлем чемпионы атағы үшін айқаса шыға аламын деген үміттемін. "Канело" Головкинді оңай жеңеді деп ойлаймын. Головкин егде тартты. Кейінгі айқасын көрдім, ол жылдамдық жоғалтқан, ал Альварес ең мықты боксшы. Бұл Головкиннің соңғы айқасы болар. 

Боксшылардың бәрі "Канеломен" жекпе-жекті қалайды. Қазір менің мақсатым да сол. Трилогиядан кейін Альварес не істейтінін білмеймін. Екеуміз де алдағы жекпе-жектерімізді өткізіп алайық", - дейді ол. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport