Бокс
4 мамыр 2017 13:41
 
Forbes Головкин мен "Канело" жекпе-жегінен қанша пайда түсетінін есептеді

  Пікірлер

blog.share

Forbes Головкин мен "Канело" жекпе-жегінен қанша пайда түсетінін есептеді © Kursiv.kz

Forbes журналы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (48-1-1, 34 КО) жекпе-жегінің қанша тұратынын және кездесудің мексикалық боксшы үшін қаншалықты маңызды екенін бағамдап көрді, деп жазады Vesti.kz порталы.

"Егер "Канело" Чавестен айласын асыратын болса, онда Геннадий Головкинмен кездесу өткізуге ештеме кедергі болмайды. Бұл кездесудің құны оншақты миллион доллар болуы мүмкін. Егер "Канело" бұл кездесуден бас тартатын болса, онда оның абыройына әжептеуір нұқсан келеді", - деп жазады Forbes порталы.

"Канело" 6 мамыр күні Лас-Вегаста отандасы кіші Хулио Сезар Чавеспен (50-2-1, 32 КО) кездесу өткізеді. Осы кездесуден кейін Альварес қыркүйекте Головкинмен жекпе-жек өткізуі ықтимал. Қазір екі боксшының командасы келіссөздер жүргізіп жатыр.

Негізі "Канело" мен Головкиннің кездесуі 2016 жылы өтуі мүмкін еді. Өткен жылдың мамырында, "Канело" Әмір Ханды жеңгеннен кейін жұртшылықтың алдында Головкинді жекпе-жекке шақырты. Кейін баспасөз жиыны кезінде мексикалық боксшы Головкинмен күзде жекпе-жек ұйымдастыратынын айтқан еді.

Өткен жылдың тамыз айында "Канело" сол кездегі WBO тұжырымының чемпионы британдық Лиам Смитпен (23-0-1, 13 КО) өткізетін жекпе-жек орта салмақтағы соңғы кездесуі болатынын айтып, бірінші орта салмаққа ауысқан еді. Енді ол орта салмаққа Чавеспен өткізетін жекпе-жектен кейін қайта оралатынын хабарлады.

Жекпе-жектің қаржылық құнына келетін болсақ, мексикалық боксшының жұмыстарымен айналысатын Golden Boy Promotions промоутерлік комапниясы қыркүйекте жоспарланып отырған жекпе-жекте Головкинге нақты бір сомманы ұсынып отыр. Бастапқыға сыйақының құны 10 мың доллар болған еді. Одан кейін бұл көрсеткіш 15 миллион доллар дейін өсті. Ал Головкиннің командасы болса бұл кездесуден түскен пайданы пайыз бойынша бөлісіп алуды талап етті.

Дегенмен Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жектің PPV сатылымынан кейін (ақылы көрсетілім) "Канелоның" промоутерлері әу баста жасаған екі ұсынысын да кері қайтарып, түскен пайданы пайыз бойынша бөлісуге көшті.

Golden Boy промоутерлік компаниясы "Канело" мен Головкин жекпе-жегінің PPV сатылымы олар күткендей көрсеткішке жетпей қалуы мүмкін деп қауіптенуде. Сондықтан да олар енді қазақстандық боксшыға нақты белгіленген сыйақы ұсынбайтынын айтып отыр. SportNewsExpert порталының мәліметі бойынша, "Канелоның" командасы Головкинге соңғы рет мынадай ұсыныс жасапты: табыстың 75 пайызы Альвареске, 25 пайызы Головкинге. Ал Головкиннің промоутері Том Леффлер "Канелоға" 60, қазақстандық боксшыға 40 пайыз түрінде бөліс жасағысы келеді.

Головкин қыркүйектегі Альвареспен өтеуі мүмкін жекпе-жек үшін британиялық Билли Дж Сондерспен жұдырықтасудан бас тартты. Бұл жаңалық "Канелоның" промоутерін қуантқан еді. Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожин бұл қадамды құптаған болатын. Өйткені Головкин "Канеломен" жекпе-жек үшін алатын гонорар көлемі 100 миллион долларға жетуі мүмкін.

Дегенмен Головкин мен "Канело" жұдырықтаспауы мүмкін. Golden Boy Promotions компаниясының президенті Эрик Гоместің сөзінше, Альварес мамырдағы жекпе-жекте жеңіліп қалған жағдайда, барлық келіссөздердің маңызы болмайды.

Golden Boy Promotions қыркүйекте "Канелоға" жекпе-жек белгілеп қойған. Дегенмен Альварестің қарсыласы кім болатынын жасырып отыр.

Жарнама

Живи спортом!