Бокс
4 маусым 2021 12:44

"Флойд тар жолға түсті". Белгілі бапкер Мейвезердің келесі қарсыласы неге қауіпті екенін түсіндірді

Флойд Мейвезер. Сурет: AFP

Америкалық бокс бапкері Тедди Атлас бес салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Флойд Мейвезер (50-0, 27 КО) мен блогер Логан Пол арасыдағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды sports.ru.

"Флойдқа 100 миллион доллар төлеген болар. Мұның бәрі ақша үшін істеліп жатыр. Бұл жекпе-жек ол үшін қауіпті. Ал Мейвезер сияқты басын қатерге тіккен адам лайықты ақысын алу керек. 

Полдың бокста тәжірибесі бар дегенім емес. Онда бокстан ештеңе жоқ. Бірақ Мейвезер бір қалыпта қала бермейді. Адамдар оның 44 жасқа келгенін ұмытып қалады. Ол рингке төрт жыл шықпады. Оның үстіне Мейвезер Полдан 13,5 келі жеңіл екенін білемін. 

Ағайынды Полдар бұл спортты құрметтейді және көп нәрсе үйренуде. Мұнысын мен де құрмететймін. 

Мейвезерді қандай күйінде көретінімізді білмеймін, алайда, бұл ойынды жалғастырам деп тар жолға түсіп барады. Күндердің күні біреу болмаса, біреуі оңдырмай сабайды", – дейді Атлас.

Мейвезер – Пол арасындағы жекпе-жек 6 маусым Майамиде өтеді деп жоспарланған.