Флойд Мейвезердің жекпе-жегі тағы шегерілді

©TMZ

Бес салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Флойд Мейвезер мен Дон Мур арасындағы жекпе-жек тағы да кейінге шегерілді. Бұл туралы The National хабарлайды. 

Бұл кездесу негізі 14 мамыр күні Дубай қаласында болуы керек еді. Бірақ БАӘ шейхі Халиф бен Заидтың қайтыс болуына байланысты өтпей қалды. Жуырда Мейвезер әлеуметтік желісінде жекпе-жек 21 мамырда болады деп хабарлаған еді. Алайда ұйымдастырушылар айқас қазанда болатынын хабарлады.

Еске салайық, Мейвезер негізі карьерасын аяқтаған. Ол қазіргі уақытта осындай шоуларда ғана өнер көрсетеді. Соңғы мәрте ол шоу айқасты 2017 жылы Конор МакГрегорға қарсы өткізіп, жеңіске жетті. Жалпы ол өз карьерасында 50 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 

Ал Мур болса соңғы кездесуін 2016 жылы өткізген. Бас-аяғы ол 18 кездесуде жеңіске жетсе, бір рет тең түскен. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport