Флойд Мейвезер жекпе-жегінің постері жарияланды

©

Америкалық боксшы Флойд Мейвезер (кішісі) келесі жекпе-жегін 25 ақпан күні Лондондағы "О2 Аренада" өткізеді. Бұл жайында әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

45 жастағы боксшы бұрынғы ММА шебері британдық Аарон Челмерспен шайқасады. 

Флойд Мейвезер (кішісі) кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген спортшы. 50 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 2017 жылы кәсіпқой рингтегі мансабын аяқтап, тек көрмелік кездесулерге ғана қатысып жүр. 

35 жастағы Челмерс ММА спортындағы мансабын 2021 жылы аяқтаған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар