Флойд Мейвезер блогер Логан Полды неге сұлата алмағанын түсіндірді
Бес салмақта чемпион болған 44 жастағы Флойд Мейвезер 26 жастағы блогер Логан Полмен жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.
Бес салмақта чемпион болған 44 жастағы Флойд Мейвезер 26 жастағы блогер Логан Полмен жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.
"Логан Пол мен ойлағаннан мықты болып шықты. Ол күшті қарсылас екен. Жалпылай бұл қызықты жекпе-жек болды, менің көңілім көтерілді. Ол мені бүгін таңдандырды.
Алда не күтіп тұрғанын білмеймін, командаммен ары қарай не істейтінімізді талқылаймыз. Мен бұл спортпен 25 жыл шұғылданып келемін және жасым 21 емес екенін түсінемін. Дегенмен бүгін маған қызық болды", - деп береді Мейвезердің сөзін MMAFighting порталына сілтеме жасаған "Чемпионат".
Еске салайық, бұл жекпе-жек сегіз раундқа есептеліп, аяғына дейін жетсе жеңімпаз анықталмайды деген шартпен өткен. Дегенмен қарсыласты нокаут немесе нокдаунға түсіруге рұқсат етілген еді.
Жарнама