Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова (14-1, 8 КО) мен ирландиялық Кэти Тейлор (19-0, 6 КО) әлемнің аюсолют чемпионы атағы сарапқа салынтын кездесу алдында салмақ өлшеуден өтті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бұл кездесу 11 желтоқсан күні Ливерпуль қаласында өтеді. Айқас он раундқа жоспарланған.
Жекпе-жек алдында Шарипованың салмағы 60,895 келі болса, Тейлор 61,093 келіні көрсетті.
Еске салайық, Шарипова соңғы кездесуін кәсіпқой бокста бірінші рет жұдырықтасқан ресейлік Любовь Беляковадан (0-1) айласын асырса, Тейлор америкалық Дженнифер Хэнге (18-4-1, 1 КО) қарсы кездесуінде барлық белбеулерін қорғап қалды.