Бокс
14 қараша 2021 10:24
 
Фируза Шарипова келесі кездесуін әлемнің абсолют чемпионына қарсы өткізеді. Айқастың қашан және қайда өтетіні белгілі

  Пікірлер

blog.share

Фируза Шарипова келесі кездесуін әлемнің абсолют чемпионына қарсы өткізеді. Айқастың қашан және қайда өтетіні белгілі ©

Қазақстандық бұрымды боксшы Фируза Шарипова (14-1, 8 КО) шаршы алаңға 11 желтоқсан күні шығады. Бұл күні отандасымыз жеңіл салмақта әлемнің абсолют чемпионы ирландиялық Кэти Тэйлормен (19-0, 6 КО) кездеседі, деп хабарлады DAZN.

10 раундқа жоспарланған жекпе-жек Ливерпуль қаласында өтеді. 

33 жастағы Тейлор - 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында 60 келі салмақта чемпион атанды. Сонымен қатар, ол бес мәрте әлем чемпионатында топ жарған. Кәсіпқой бокста 19 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 

Ирландиялық боксшы соңғы кездесуін қыркүйек айында америкалық Дженнифер Хэнге (18-4-1, 1 КО) қарсы өткізіп, төрешілер шешімімен жеңді. 

Ал 27 жастағы Фируза Шарипова соңғы кездесуінде бокстан тәжірибесі жоқ муай-тай шебері Любовь Беляковмен жолығып, мерейі үстем болған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!