Белградта өткен әлем чемпионатында бір ғана өзбекстандық боксшы Абдумалик Халоков финалға шықты. Бірақ оның өзі 60 келі салмақтың ақтық айқасында франциялық Сонфяьн Умиадан ұтылып, күміс жүлде иегері атанды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Халоков әлем чемпионатының марапаттау рәсімі аяқталғаннан кейін төрешілерді сынап тастады.
"Әлем чемпионатына дайындық жақсы өтті. Алайда бұл чемпионатты біз тек қарсыласқа қарсы емес, төрешілерге де қарсы жұдырықтастық. Біздің көп жеңісімізді тартып алды. Біздің команда әлемде бірінші орында тұратын ел. Біз жеңілген сәтте қарсылас емес, төреші жеңіп жатты. Енді төрешілердің күмәні болмайтын етіп дайындаламыз.
Мен финалға дейін ешқандай қарсыласыма мүмкіндік бермедім. Франциялық боксшы да мықты. Егер біз жақсылап дайындалатын болсақ, Тәшкентте өтетін әлем чемпионатында міндетті түрде топ жарамыз", - деп келтіреді Халоковтың сөзін sports.uz басылымы.
Еске салайық, Өзбекстан құрамасында екінші жүлде алған жігіт қазақ Мадияр Саидрахманов болды. Ол жартылай финалда Хулио Ла Круздан жеңіліп, қола жүлдегер атанды.