Қазақстандық Әділет Төртубек Бангкок (Таиланд) қаласында өтіп жатқан 19 және 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
60 келі салмақ дәрежесінде (19 жасқа дейінгі жас санаты) өткен жартылай финалда Әділет өзбекстандық Абдурахмон Махмуджоновпен жұдырықтасты.
Бірінші раунд қазақстандық спортшының пайдасына 3:2 есебімен аяқталды. Екінші үш минуттық кезең де аз ғана басымдықпен Төртубектің еншісінде болды.
Шешуші раундта да басымдық Әділеттің жағында болып, ол тағы да төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық боксшы финалдық жекпе-жекте өнер көрсетеді, ал Өзбекстан өкілі құрлықтық турнирдің қола жүлдегері атанды.
Жарнама