Финалға жолдама. Қазақ боксшалырдың Ханчжоудағы айқастарына трансляция

©Сали Сабиров

Бүгін, 3 қазанда Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында бокстан жартылай финалдық айқастар өтеді, деп  хабарлайды Vesti.kz.

Күндізгі сессияда рингке Қазақстан құрамасының капитаны Асыланбек Шымбергенов шығады. 71 келі салмақта финалға жолдама үшін ол жапониялық Севон Окадзавамен жұдырықтасады. Жекпе-жек Астана уақытымен 14:15-те басталады. 

Кешкі сессияда 92 келіде өнер көрсететін Қамшыбек Қоңқабаев үндістандық Нарендермен жолдаманы сарапқа салады. Басталуы 19:00. 

Екі жекпе-жекті Qazsport тікелей көрсетеді. Сонымен бірге, трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді.

Qazsport арансындағы тікелей трансляция

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport