Бүгін, 14 наурызда Сербияның Нише қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында жартылай финалдық айқастар өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүгін рингке алты қазақстандық боксшы шығады. 18:00-де басталатын күндізгі сессияда бір ғана боксшымыз шығады: Виктория Графеева (60 кг) ринг қожайыны Наталья Шадринамен жұдырықтасады.
Ал 22:00-де тағы бес боксшымыз финалға жолдаманы сарапқа салады.
Жекпе-жектер кестесі
Күндізгі сессия (Қазақстан уақытымен 18:00)
60 кг. Виктория Графеева - Наталья Шадрина (Сербия), №6-жұп.
Кешкі сессия (22:00)
48 кг. Назым Қызайбай - Хон Кен Рен (КХДР), №1-жұп;
50 кг. Алуа Балқыбекова - Ан Кум Бел (КХДР), №2;
63 кг. Аида Әбікеева - Елена Бабичева (Ресей), №7;
70 кг. Наталья Богданова - Лиза Эдель О’Рурк (Ирландия), №9;
+81 кг. Елдана Тәліпова - Дарья Сазонова (Молдова), №12.
Жарнама