Бокс
30 мамыр 2025 17:52
 

Финалға жетті! Төрехан Сабырхан өзбек боксшымен алтынға айқсады

  Пікірлер

blog.share

Финалға жетті! Төрехан Сабырхан өзбек боксшымен алтынға айқсады ©instagram.com/asbc_official

Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан Thailand Open-2025 халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасының боксшысы Төрехан Сабырхан жартылай финалдық айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан Thailand Open-2025 халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасының боксшысы Төрехан Сабырхан жартылай финалдық айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол Қырғызстаннан келген Ихтияр Нишоновпен жұдырықтасып, төрешілердің ортақ шешімімен (5:0) жеңіске жетті.

Осылайша, Сабырхан финалға шықты. Ол финалда 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері өзбекстандық Мұхаммад Азизбек Исмоиловпен айқасады.

Ал тағы бір қазақстандық боксшы Нарзат Оңғаров 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда Иорданиялық Хутхайфа Ешимен жұдырықтасып, төрешілердің бөлек шешімімен жеңіліп қалды.

Осылайша, Еши финалға шығып, 2024 жылғы Азия чемпионы өзбекстандық Шодиержон Мелиқұзиевпен кездеседі. Ал Оңғаров турнирді қола жүлдемен аяқтады.

Төрехан Сабырхан төрт рет Азия чемпионы атанған (жасөспірімдер мен жастар арасында) және жастар арасындағы әлем чемпионы болған алғашқы боксшы ретінде тарихқа енді. Биыл наурызда ол 67 келі салмақта Странджа-2025 кубогында алтын жеңіп алып, турнирдің үздік боксшысы атанды. Мұндай жетістікке бұған дейін бірде-бір қазақстандық боксшы жетпеген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!