Финалдағы соңғы айқаста қазақ боксшы өзбектен жеңілді
Бүгін, 26 қаңтар Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатының финалы өтуде, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүгін, 26 қаңтар Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатының финалы өтуде, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан құрамасынан рингке соңғы шыққан Диас Молжігітов 75 келіде өзбекстандық Алохон Абдуллаевпен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер басымдықты өзбек боксшыға берді.
Айта кетейік, бұған дейін Санжар Тәшкенбай (48 келі), Махмұт Сабырхан (57) және Нұрсұлтан Алтынбек (54) финалда жеңіске жетіп, Азия чемпионы атанды.
Ал Абзал Серік (67) пен Сабыржан Аққалықов (71), енді міне Диас Молжігітов те күмісті місе тұтып отыр.
Жарнама