Қазақстандық Елдана Тәліпова Чиангмайдағы (Таиланд) Азия чемпионатында алтын жеңіп алды.
81 келіден аса салмақтағы алтын үшін айқаста ол өзбекстандық Олтиной Сотимбоевамен жекпе-жек өткізді.
Бірінші раундта қазақстандық бұрымды боксшы - 3:2 есебімен басым болды. Екінші раундта Елдана тағы да басымдық көрсетті - 4:1.
Үшінші раундта да босаңсымаған қазақстандық боксшы қарсыласын - 4:1 есебімен жеңді.
Осылайша, Қазақстан атынан финалға шыққан бес боксшы да Азия чемпионы атанды. Бұған дейін Наталья Богданова, Виктория Графеева, Аида Әбікеева мен Гүлсая Ержан да Қазақстан қоржынына алтын жүлдеден салған.