Қазақстандық боксшы Даниял Сапарбай Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан World Boxing Кубогы-2025 кезеңіндегі жартылай финалдық айқаста жеңіліс тапты, деп хабарлайды Vesti.kz.
90 келіде өнер көрсететін қазақстандық ринг қожайыны Нарендермен жекпе-жек өткізді.
Бірінші раунд 4:1 есебімен үндістандық боксшының пайдасына шешілді. Екінші үш минуттықта да Нарендердің пайдасына ұқсас нәтиже тіркелді - 4:1. Ақыры Нарендер бөлек шешіммен жеңіске жетті.
Енді финалда үндістандық боксшы өзбекстандық Халимжон Мамасолиевімен кездеседі. Ал Сапарбай турнирді қола жүлдемен аяқтады.