Финалда өзбек боксшыны жеңген Дархан Халықаралық турнир алтынын иеленді

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Дархан Дүйсебай Бакуде өткен "Ұлы жібек жолы" атты халықаралық турнирде финалдық айқасын өткізді, деп жазады Vesti.kz.

71 келідегі шешуші айқаста ол өзбекстандық Бегзод Хамидовпен жұдырықтасты. Үш раунд қортындысы бойынша төрешілердің бөлек шешімімен қазақ боксшы жеңіске жетті.

Бұған дейін Талғат Сырымбетов (60 кг) құрама қоржынына алтын салды. Ал Тимур Қабдешов (54 кг) пен Теміртас Жүсуіпов (48 кг) финалда жеңіліп, күміс жүлдегер атанған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар