Бокс
Бүгін 15:15
 

Финалда Оралбаймен айқасатын өзбекстандық қарсыласын нокаутқа түсірді

  Пікірлер

blog.share

Финалда Оралбаймен айқасатын өзбекстандық қарсыласын нокаутқа түсірді ©Өзбекстан бокс федерациясы

Қазақстан бокс құрамасының капитаны Айбек Оралбайдың 2026 жылғы Азия ойындарының финалындағы қарсыласы анықталды. Ол алтын үшін жекпе-жектеөзбекстандық әлем чемпионы Жахонгир Зокировпен кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстан бокс құрамасының капитаны Айбек Оралбайдың 2026 жылғы Азия ойындарының финалындағы қарсыласы анықталды. Ол алтын үшін жекпе-жектеөзбекстандық әлем чемпионы Жахонгир Зокировпен кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.

Зокиров жекпе-жегін екінші раундта аяқтады

90 келіден жоғары салмақтағы жартылай финалда Зокиров Иран боксшысы Амир Эсмаили Вандеимен кездесіп, алғашқы минуттардан-ақ басымдыққа ие болды.

Бірінші раундта өзбекстандық боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Екінші үш минуттықта Зокиров Эсмаилиді тағы да есеңгіретіп, төрешіні есеп ашуға мәжбүр етті.

Көп ұзамай ирандық боксшының қатты жарақат алуына байланысты жекпе-жек тоқтатылды. Техникалық нокаутпен жеңіс Зокировқа бұйырып, ол 2026 жылғы Азия ойындарының финалына жолдама алды.

Оралбай өзбекстандық боксшымен алтын үшін жұдырықтасады

Жахонгир Зокиров - World Boxing нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы.

Айбек Оралбай бұған дейін жартылай финалда Үндістан боксшысы Нарендерді төрешілер шешімімен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

Оралбай мен Зокиров арасындағы шешуші жекпе-жек 2 қазанда өтеді. XX жазғы Азия ойындарындағы бокс жарыстары 21 қыркүйекте басталып, 2 қазанға дейін жалғасады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!