Қазақстандық боксшы Валерия Аксенова "Странджа кубогі" - 2026 турнирінің финалына шықты. Бұл турнир маңызына байланысты кіші әлем чемпионаты деп те аталады, деп хабарлайды Vesti.kz.
80 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда ол болгариялық Алеина Мехмедпен қолғап түйістірді.
Жекпе-жектің алғашқы раундының бірінші минутында қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсірді. Осыдан кейін төреші айқасты тоқтатып, жеңісті Аксеноваға берді.
Осылайша, Валерия Аксенова турнир финалына жолдама алды, ал Алеина Мехмед қола жүлдені қанағат тұтты.