Венгряиға бапкерлер штабы ұлттық құрамадағы жас боксшыларды жіберген - әр салмақтағы екінші-үшінші нөмірдегі боксшылар. Жарыстан Санатәлі Төлтаев (63 келіге дйін) пен Ермахан Жәкпеков (75) жарыстан шығып қалған.
Турнирдің жартылай финалына шығатын жұптар
52 келіге дейін
Махмуд Сабырхан - Фредерико Эмилио Серра (Италия);
Лалита Прасад Полипали (Индия) - Дмитрий Двали (Ресей);
57 келіге дейін
Айдос Арапов - Самуэль Кистохарри (Франция);
Роланд Галос (Венгрия) - Сашин (Үндістан);
69 келіге дейін
Талғат Шәйкен - Ярослав Самофалов (Украина чемпионатының жүлдегері);
Вахид Амбли (Франция) - Райан Яхиа Берроку (Франция);
81 келіге дейін
Нұрбек Оралбай - Газимагомед Жалидов (Испания чемпионы-2019);
Байрам Малкан (Түркия) - Джордж Скотти (Англия);
91 келіге дейін
Айбек Оралбай - Флорентин Уилфред (Франция);
Адам Гамори (Венгрия) - Гаурав Чаухан (Үндістан);
91 келіден аса
Дамир Тойбай - Марко Милун (Хорватия чемпионы-2016-2019);
Дрисси Аюб Драдфа (Испания) - Мурад Алиев (Франция).
Еске салайық, Венгрияда өтетін дәстүрлі халықаралық Иштван Бочкай мемориалы бүгін, 7 ақпанда аяқталады. Бұл жарысқа қатысқан кей боксшылар Иорданияда өтетін олимпиадалық іріктеуге дайындалып жатқан ұлттық команданың негізгі құрамына қосылады. Аммандағы квоталар наурыздың 3 мен 11 аралығы өтеді.