Бокс
10 маусым 14:18
 

Еуропада Қазақстанның бокс турниріндегі өнеріне баға берді

  Пікірлер

blog.share

Еуропада Қазақстанның бокс турниріндегі өнеріне баға берді ©ҚБФ

Нидерландта өткен беделді Eindhoven Boxcup бокс турнирінің ұйымдастырушылары Қазақстан құрамасының өнеріне жоғары баға берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Нидерландта өткен беделді Eindhoven Boxcup бокс турнирінің ұйымдастырушылары Қазақстан құрамасының өнеріне жоғары баға берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан құрамасы халықаралық турнирді сегіз жүлдемен аяқтады. Қазақстан құрамасының боксшысы Нұрлан Сапарбай 90 келіден жоғары салмақта алытн жеңіп алды.

Финалдық жекпе-жекте Сапарбай Германия боксшысы Денис Охьомен жұдырықтасты. Бұл айқаста Нұрлан қарсыласына еш мүмкіндік бермей, рингте үстемдігін көрсетті. Жекпе-жектен кейін турнир ұйымдастырушылары оның жеңісін жоғары бағалады.

"Кештің финалдық жекпе-жегі +95 кг салмақта өтіп, турнирдің шарықтау шегіне айналды. Германия мен Қазақстан арасындағы кездесу - және Қазақстан боксшысы еш күмән қалдырмады. Ол өз үстемдігін толық көрсетті және айқын жеңіске жетіп, Қазақстанның әсерлі жеңістер сериясына тағы бір жарқын триумф қосты", – деп жазды Eindhoven Boxcup турнирінің баспасөз қызметі.


Eindhoven Box Cup – әуесқой бокста Еуропадағы ең беделді турнирлердің бірі. Қазақстандық спортшылар үшін бұл жарыс Олимпиада ойындарының іріктеу турнирлері мен басқа да халықаралық додаларға дайындықтың маңызды кезеңі болып саналады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!