Еуропа чемпионын жеңген Бибосынов Дусматовпен қарымтаға шығады

©olympic.kz

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасында алғашқы жекпе-жегін өткізді.  

51 келіде өнер көрсететін қазақстандық боксшының қарсыласы 2024 жылғы Еуропа чемпионы, түркиялық Самет Гюмюш болды. 

Бірінші раундта қазақстандық боксшы басым болды - 4:1. Екінші раундта да Бибосынов жеңді - 5:0. Үшінші раундта да үстем болған Сәкен төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті.

2 тамызда Бибосынов Хесус Лопез (Пуэрто-Рико) пен Хасанбой Дусматов (Өзбекстан) жекпе-жегінің жеңімпазымен айқасады.

Айта кетейік, Дусматов 2023 жылдың күзінде Ханьчжоуда (Қытай) өткен Азиадада Бибосыновты 1/8 финалда қапы қалдырған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар