Еуропа чемпионы мен Головкин жекпе-жегі андеркартында "Канело" босатқан WBO титулы сарапқа салынады

31 желтоқсан 2019 13:16
© Fightnews.info
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегі 2020 жылы көктемде болады. Дегенмен бұл бокс кешінің андеркарты әзірден белгіленді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында GGG-дің келесі жекпе-жегі 28 наурыз Чикагода өтетіні хабарланған. Ал қарсыласы польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО) боларына ықтимал жоғары. Өйткені бұл жекпе-жекке Халықаралық бокс федерациясы (IBF) санкция берген. 

Промоутер Эдди Хирннің сөзінше, Головкин - Шеремета андеркартында польшалық Кшиштоф Гловацкий мен британиялық Лоуренс Околи бірінші орта салмақта бокс қалған WBO белбеуі үшін жұдырықтасады.