Мұның алдында GGG-дің келесі жекпе-жегі 28 наурыз Чикагода өтетіні хабарланған. Ал қарсыласы польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО) боларына ықтимал жоғары. Өйткені бұл жекпе-жекке Халықаралық бокс федерациясы (IBF) санкция берген.
Промоутер Эдди Хирннің сөзінше, Головкин - Шеремета андеркартында польшалық Кшиштоф Гловацкий мен британиялық Лоуренс Околи бірінші орта салмақта бокс қалған WBO белбеуі үшін жұдырықтасады.