Бокс
9 қараша 2021 16:23
 
Еуропа чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

  Пікірлер

blog.share

Еуропа чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды ©DAZN

Орта салмақта EBU тұжырымы бойынша Еуропа чемпионы италиялық боксшы Маттео Синьяни (31-5-3, 11 КО) осы салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жек өткізуге ниетті екен, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

5 қараша күні Рим (Италия) қаласында Синьяни белбеуін сәтті қорғады. Ол испаниялық Рубен Диасқа қарсы кездесу өткізіп, ұпаймен жеңіске жетті. 

"Бірнеше күн бүрын Синьяни орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкинмен кездескісі келетінін айтты. Егер Авни Йылдырым "Канело" Альваресқа қарсы жекпе-жекке қол жеткізсе, италиялық та Головкинмен кездесуі әбден мүмкін", - деп жазады WorldBoxingNews.net порталы. 

Еске салайық, Головкиннің келесі кездесуі белгіленіп қойған. Отандасымыз желтоқсан айында Жапонияда WBA ұйымының "суперчемпионы" Риото Муратамен кездеседі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!