Еуропа чемпионы. Головкин келесі қарсыласымен титулды жекпе-жек туралы келісімге келді

© HBO
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО) жекпе-жек туралы келісімге келді. Бұл туралы бокс шолушысы Дэн Рафаэль ESPN порталында хабарлады.

Рафаэль сөзінше, ақпаратты оған боксшының командасына жақын мәлімет көзі айтқан. Ал жекпе-жек қыс соңы немесе көктем басында өтеді екен.  

Еске салайық, мұның алдында Шереметаның өзі де келесі жекпе-жегін қазақстандық боксшыға қарсы өткізетінін мәлімдеген еді. Осыдан кейін GGG Чикагода 29 ақпанға арена жалдап қойғаны белгілі болды.

Сәпиевті жеңген боксшы Головкинмен IBF титулы үшін жұдырықтасатынын жария етті

Егер жекпе-жек өтсе, Шеремета қазақстандыққа тиесілі IBF белбеуіне таласады. Ұйым жарлығында Головкин - Деревянченко жекпе-жегінің жеңімпазы алдыңғы қатардағы міндетті қарсыласпен алты ай ішінде белбеудің қорғауын өткізу керектігі айтылған. Демек бұл мерзім 2020 жылдың сәуір соңына дейін белгіленген.