Еске салайық, мұның алдында Шереметаның өзі де келесі жекпе-жегін қазақстандық боксшыға қарсы өткізетінін мәлімдеген еді. Осыдан кейін GGG Чикагода 29 ақпанға арена жалдап қойғаны белгілі болды.
Сәпиевті жеңген боксшы Головкинмен IBF титулы үшін жұдырықтасатынын жария етті
Егер жекпе-жек өтсе, Шеремета қазақстандыққа тиесілі IBF белбеуіне таласады. Ұйым жарлығында Головкин - Деревянченко жекпе-жегінің жеңімпазы алдыңғы қатардағы міндетті қарсыласпен алты ай ішінде белбеудің қорғауын өткізу керектігі айтылған. Демек бұл мерзім 2020 жылдың сәуір соңына дейін белгіленген.