Бокс
20 қаңтар 2021 11:05

ESPN сарапшысы Мунгияға Головкин орнына Қанат Исламмен жұдырықтасуды ұсынды

Сурет: RingSide24

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) келіссөз тығырыққа тірелген жағдайға ESPN журналының латынамерикалық редакциясының журналисті Фернандо Барбоза мексикалық Хайме Мунгияға (36-0, 29 KO) өзге қазақстандықпен жұдырықтасуды ұсынды. 

"Қазіргі таңда Мунгияның командасы Геннадий Головкинмен жекпе-жекке қол жеткізу үшін жұмыс істеп жатыр. Бұл процесс өте ауыр өтуде. Айқастың өтпей қалу ықтималы да жоғары. Мұндай жағдайда Хайме күшін басқа қазақстандық - Қанат Исламға сынап көре алады. Мунгия онымен бұрын да шығып көрмек болған, оның үстіне Қанат қазір қарсылас табуымен қиындыққа тірелді. Әлбетте, ең кереметі GGG-мен жекпе-жек, дегенмен, Ислам да жарап қалады", - дейді Барбоза. 

Головкин мен Мунгия жекпе-жегі "Синко де Майо" - 5 мамырда тойланатын мексикалық мереке күні өтетіні хабарланған еді. Алайда келіссз барысында қиындықтар да туындауы мүмкін.