Бокс
28 ақпан 2022 22:23

ESPN сарапшысы Қанат Исламның карьерасы аяқталғанын айтты

©Massaget

Британиялық Джимми Келлиден (26-2, 10 КО) жеңіліс қазақстандық Қанат Исламның (28-1, 22 KO) бокстағы болашағына балта шапты. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ESPN арнасының латынамерикалық журналисті Фернандо Барбоза осындай пікір білдірді.

Қабағы жарылды. Қанат Ислам карьерасында алғаш рет жеңілді

"Қанат Исламда басымдық бардай көрінген. Оның санаты жоғары, тәжірибесі мол және физикалық тұрғыдан да күшті. Алайда оның рингтегі әрекеті әлеуетін ашуға бөгет болды. Қазақстандық өз-өзіне ұқсамады, ал Келли жоспарын ұстанып, сапалы бокс көрсетті. Қанат рингте өзін таба алмағандықтан өзге бірдеңелер ойлап табуға тырысты.

Жекпе-жек теңдей болды деуге болады, бірақ, Келли жеңіс үшін еңбек сіңірді. Ол барынша тырысып бақты, сондықтан обьективті түрде жақсырақ болды. Меніңше, Қанат Исламның карьерасы аяқталуға жақын. Бокстан кететінін бірден жария етеді, мүмкін тағы бір айқас өткізер. Ал оның енді жетістікке жету туралы сөйлеудің мәні жоқ", - дейді Барбоза. 

Қанат Исламға жекпе-жекке шығуға тыйым салынды

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport