ESPN сарапшысы Жәнібек Әлімханұлының бұрынғы чемпионмен жекпе-жегі нокаутпен аяқталатынын болжады

©badlefthook.com

Франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикам (38-5-0, 21 KO) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына (10-0, 6 КО) қауіпті қарсылас емес. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ESPN арнасының латынамерикалық редакциясының журналисті Фернандо Барбоза осындай пікір білдірді. 

"Хасан бабынан тайып барады. Ұзақ уақыт жақсы жұдырықтасты. Чемпиондық белбеуді ұстап тұра алды. Алайда үлкен жұлдызға айналуға дағдысы жетпеді. Қазір оның карьерасы ылдилап келеді. Ол өзін аралас жекпе-жекте сынап көрмек болды, бірақ, пандемия жоспарын бұзды. Екі жылда ол рингке бір-ақ рет шықты, сондықтан, Жәнібекке қауіпті бола қоймас. 

Бұл жекпе-жек немен аяқталары белгілі. Қазақстандық проспект өзінікін алады, тіпті қарсыласын нокаутқа түсіретінге ұқсайды", - дейді Барбоза. 

Еске салайық, бұл айқас 5 қараша Лас-Вегаста өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар