ESPN сарапшысы Айдос Ербосынұлының келесі кездесуіне болжам жасады

©Suleimen Promotions

ESPN арнасының латынамерикалық редакциясының тілшісі Фернандо Барбоза екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) мен WBA белбеуінің иегері кубалық Давид Моррел (7-0, 6 КО) арасындағы кездесуден не күтетін айтты. Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында ол отандасымыздың мықты тұстарын атап өтті. 

Бұл кездесу АҚШ жерінде өтуі керек. Жекпе-жекте кубалықтың чемпиондық белбеуі сарапқа салынады. Қазақстандық боксшы қазіргі уақытта бұл айқасқа дайындалу үстінде. 

"Бұл Моррел үшін жақсы сынақ болады. Ербосынұлы тәуір боксшы. Оның кем тұсы - карьерасының орта тұсында нокдаунда болған. Дегенмен оның әуесқой бокстағы тәжірибесі мен техникасы мықты. Шаршы алаңда асықпай жұдырықтасады. Ал Моррел болса қарсыластарын нокаутқа түсіруді жақсы көреді. Сондықтан жекпе-жек уақытынан бұрын бітуі мүмкін. Менің ойымша, екі боксшының мүмкіндіктері бірдей. Себебі екі боксшының шынайы деңгейін біз әлі көрмедік", - деді Барбоза. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport