Америкалық ESPN порталы жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері Дмитрий Биволдың мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өткізген кездесуін жыл апсеті деп таныды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бұл кездесу мамыр айында Лас-Вегас қаласында өтіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша Биволдың жеңісімен аяқталды.
Сонымен қатар, аталған портал Дмитрий Биволды 2022 жылдың үздік боксшысы деп те атады.