Алайда ESPN журналисі Стив Кимнің мәліметі бойынша, Головкиннің жекпе-жегі сәуірге шегерілген.
"Бірнеше дереккөз Вирджил Ортис 2020 жылдағы алғашқы жекпе-жегін 28 наурызда Лос-Анджелестегі The Forum аренасында өткізетінін хабарлады. Головкин рингке сәуірде оралатын секілді. Сол күні Канадада Top Rank компаниясы Артур Бетербиевпен шоу өткізуі мүмкін", - деп жазды Ким Twitter желісінде.
Айта кетейік, Головкиннің келесі қарсыласы поляк Камил Шеремета (21-0, 5 КО) болуы мүмкін. Бұған дейін екі тараптың толық келіскені туралы хабарланған.