Бокс
23 қаңтар 2020 10:17
 
ESPN журналисті Еуропа чемпионы мен Головкин жекпе-жегінің мән-жайын айтып берді

  Пікірлер

blog.share

ESPN журналисті Еуропа чемпионы мен Головкин жекпе-жегінің мән-жайын айтып берді © Sportbox

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегін көктемде өткізеді, бірақ ресми нақты күні хабарланбады, - деп жазады Vesti.kz.

Басында GGG ақпанда жұдырықтасады деген ақпарат шыққан, кейін жекпе-жек уақыты деп наурыз айтыла бастады. Бұған дейін Головкин 28 наурызда Чикагода (Иллинойс штаты, АҚШ) жұдырықтасады деген ақпарат болған.

Алайда ESPN журналисі Стив Кимнің мәліметі бойынша, Головкиннің жекпе-жегі сәуірге шегерілген.

"Бірнеше дереккөз Вирджил Ортис 2020 жылдағы алғашқы жекпе-жегін 28 наурызда Лос-Анджелестегі The Forum аренасында өткізетінін хабарлады. Головкин рингке сәуірде оралатын секілді. Сол күні Канадада Top Rank компаниясы Артур Бетербиевпен шоу өткізуі мүмкін", - деп жазды Ким Twitter желісінде.

Айта кетейік, Головкиннің келесі қарсыласы поляк Камил Шеремета (21-0, 5 КО) болуы мүмкін. Бұған дейін екі тараптың толық келіскені туралы хабарланған.

Жарнама

Живи спортом!